"Бөкейорда" табиғи резерватының бас директоры ұсталды

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қазір оның басқа қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Фото: Видео кадры

Самое читаемое
