Алматыда арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасалған

Malim Админ

  • 24.02.2025

Әлеуметтік желіде Алматыда адамдар мас күйде арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасағаны туралы ақпарат шықты. Полицейлер бұл жазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz-ке сілтеме жасап Malim сайты.

Бейнежазба Instagram желісіндегі krisp_almaty парақшасында жарияланды. Жазба авторының сөзінше, 22 ақпанда таңғы уақытта Алматыдағы Назарбаев даңғылында мас күйдегі үш адам кезекшілік қызметте жүрген жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (СОБР) қызметкерлеріне шабуыл жасаған.

«Қызметкерлерге агрессивті мінез танытқан мас күйдегі үш адам жүргені туралы қоңырау түсті, ал арнайы жасақ қызметкерлері агрессияға қарамастан, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытып, оларға қарсы күш қолданбады», - делінген хабарламада.

Бұл ретте жазба авторы шабуыл жасаушылардың «құқық қорғау органдарында таныстарымыз бар» деп айтқанын атап өтеді.

«Ал олардың көлігі – Toyota Land Cruiser 300 – қаржылық жағдайы жақсы екенін және бұзақылардың ықпалды адамдар болуы мүмкін екенін көрсетеді», - деп есептейді жазба авторы.

 «Құқық бұзушылар қоғамдық орында мас  болғаны, ұсақ бұзақылық жасағаны, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін ұсталып, жауапкершілікке тартылды», - деп түсіндірді полиция.

Фото: sn.kz

Байланысты жаналықтар

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

Алматыда ер адам күзетшіні аяусыз соққыға жыққан

06.04.2025

Сотталған белсенді Марат Жыланбаев аузын тігіп тастаған

06.04.2025

Қарағанды облысында оқушының басына үйдің шатыры құлады

05.04.2025

Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады

05.04.2025
MalimBlocks
Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Алматыда ер адам күзетшіні аяусыз соққыға жыққан

Желіде Алматыдағы тұрғын үй кешенінің ауласында күзет қызметкерін соққыға жыққан ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды. Полиция бұл жайтқа қатысты пікір білдірді

Сотталған белсенді Марат Жыланбаев аузын тігіп тастаған

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы №4 мекемеде жазасын өтеп жатқан белгілі марафоншы, "Алға, Қазақстан" партиясын құру жөніндегі бастама топ жетекшісі Марат Жыланбаев қарсылық ретінде аузын тіктi

Қарағанды облысында оқушының басына үйдің шатыры құлады

Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры 11 жастағы қыздың үстіне құлап, ол жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады

Биылдан бастап геологиялық жұмыстарды қаржыландыру көлемі артады