457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

Алматы аудан прокуратурасы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетіне (ҚазҰЗТУ) жатақхананы қайтарды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Түрксіб ауданының прокуратурасы "Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ мүлкін заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтады.

"Тұрғын-үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы тиісті тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жалпы ауданы 2500 м2 астам жатақхананы жеке ЖОО-ға заңсыз жалға пайдалануына берген", - делінген хабарламада.

Кейіннен мәміле жасасу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып ЖОО осы үй-жайды сатып алған.

Бүгін әкімшілік корпустың жатақханасы мақсатына қарай пайдаланылмай, бизнестің түрлі салаларының қызмет көрсетуіне жалға берілген. 

Соттардың заңды күшіне енген шешімдерімен, Түрксіб ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша даулы әкімшілік ғимараты ұлттық университетке қайтарылды.

Еске салайық, былтыр Алматыда жатақхана тапшылығына байланысты студенттерді орналастыруда қиындықтар болған. Сол кезде премьер-министр Олжас Бектенов оқу жылының басына дейін барлық білім беру нысандарын толық дайындау қажеттін айтқан болатын. Үкімет басшысы сондай-ақ жатақханадағы орын тапшылығы мәселесінің өзектілігін атап өтіп, бірде-бір студент баспанасыз қалмауға тиіс екенін мәлімдеген.

Фото:gov.kz