Ақтауда 18 жастағы бірінші топтағы мүгедек жігітті зорлаған еркекке іздеу салынды

Ер адам азғындық әрекетін теңіз жағасында жалғастырып, із ін суытқан

Сабина Асқарқызы

  • 13.02.2025

Ақтауда 18 жастағы бірінші топтағы мүгедек жігітті зорлап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр. Сұмдық жайтты баяндап берген анасы ақыл-есі жетілмеген ұлын көлігіне салып, ойына келгенін істеген азаматтың бостандықта жүргеніне наразы. Ол азғындық әрекетін теңіз жағасында жалғастырып, із суытқан дейді. Тергеу тым сылбыр жүргізіліп жатыр деген әйел Ішкі істер министрлігі істі бақылауға алсын деп отыр, деп хабарлайды Malim.kz 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ақтаулық жігіттің туғаннан бастап ақыл-есінде кемістігі бар. Ерекше қажеттілігі бар жігіт қорлығын әлі ұмытпаған, бәрін баяндады.

Теңіз жаққа тастардың үстіне апарды. Тыға берді, үш рет тықты. “Балам жоқ, әйелім жоқ” деп айтты. Сосын мені “зорлап кетемін” деді. Көлікті кілттеп қойды, – деді ол.

Айтуынша, сұмдық оқиға 27 желтоқсанда болған. Досымен кездесуге шыққан оны белгісіз ер адам көшеден көлігіне отырғызып алып кетіп, арам ойын іске асырған. Сосын теңіз жағасына апарып зорлаған дейді.Одан соң далаға тастап, қашып кетті. Жігіт үйге жылап келген

Көліктің артына салып, есікті кілттеп алып, шалбарыңды шеш деді. Содан соң ол кісі шалбарын, белдігін шешіп дайындап, көліктің ішінде баламды зорлайды. “Айқайлай бердім, көмек сұрағым келді, мамама айтып беремін” дегенде, "менің әйелім жоқ, бала-шағам жоқ, енді сені зорлаудан басқа амалым жоқ" деп зорлады. Мама “менің екі жерім ауырып тұр” деп келді, – деді жәбірленушінің анасы Оразгүл Қонысова.

Жалғызбасты ана Оразгүл Қонысова тергеу жұмыстарына көңілі толмайды. Айтуынша, бір айдан асса да тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын әлі анықтамаған.

Сол істі маған тезірек шешіп, кінәлі адамды тауып берін. Сарапшы бізді 4 күн бойы алмады. Сосын бізге бақылау камерасының жазбасын бермеді, – деді ана.

Полицейлер "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, бейнебақылау камерасындағы жазбалар зерттеліп жатыр деп ақталды.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, зерттеліп жатыр. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу жалғасып жатыр. Видеожазбалар жоқ деген ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оразгүл Қонысова баласымен көшеге шығуға қорқып қалғанын айтады. Күдікті қастандық жасауы мүмкін деп алаңдайды. Сондықтан ұлын қорлаған азаматты тезірек қамауға алуды талап етті. 

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Ринат Зайытов Арман Дүйсеновтің ұлы қалай қаза тапқанын айтты

21.02.2025

Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу қашан аяқталады

19.02.2025

25 жыл бұрын кісі өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды

18.02.2025

Іздеуде жүрген Ақтау әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда ұсталды

17.02.2025

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап бергенге сыйақы тағайындалады

15.02.2025

14 жыл бойы таптырмай жүрген алаяқ Алматыда ұсталды

11.02.2025
MalimBlocks
Ринат Зайытов Арман Дүйсеновтің ұлы қалай қаза тапқанын айтты

Депутат композитордың баласы белгісіз біреулер өлтіріп кетуі мүмкін деген болжамды айтады

Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу қашан аяқталады

25 жыл бұрын кісі өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды

Іздеуде жүрген Ақтау әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда ұсталды

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап бергенге сыйақы тағайындалады

14 жыл бойы таптырмай жүрген алаяқ Алматыда ұсталды

Ол уақытша ұстау изоляторында отыр