457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтауда жоғалып кеткен 80 жастағы зейнеткердің денесі табылды

Ақтауда жоғалып кеткен 80 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

12 шілдеде таңертең серуенге шығып, қайта оралмаған 80 жастағы Валерий Каракозовты іздестіру қайғылы нәтижемен аяқталды.

Зейнеткер мен оның иті бұрынғы президент резиденциясының маңынан өлі күйінде табылғанын марқұмның туыстары хабарлады. 

Қайтыс болу себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, Валерий Каракозов 12 шілде күні таңғы сағат 07:30 шамасында Ақтаудың 12-шағынауданындағы үйінен итін серуендетуге шығып, содан бері байланысқа шықпаған.

Жақындары алғашқы күннен-ақ полицияға хабар беріп, іздеуге өз беттерінше кіріскен. Олар бақылау камераларынан алынған жазбаларды таратып, қала тұрғындарынан көмек сұраған болатын. Алайда үш күндік іздестіру қайғыға ұласты.

Фото: Lada.kz