457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтөбеде оқу-жаттығу кезінде парашют ашылмай, курсант қаза тапты

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 2025 жылғы 15 шілдеде орын алған.

Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, қаза тапқан курсант Астана қаласынан ВИСВО-ға (Әуе қорғанысы күштері әскери институтына) оқуға келген. Тамыз айында 19 жасқа толуы керек еді. Ол жоспарлы оқу-жаттығу аясында парашютпен секіру орындаған. Алайда алдын ала мәлімет бойынша, парашют ашылмаған. Жаттығу орнына жедел жәрдем шақырылған, алайда медицина қызметкерлерінің айтуынша, курсанттың өлімі олар келгенге дейін тіркелген.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Фото: pixabay