Астанада баласын вокзалға тастап кеткен әйел табылды

Арман Қайыпхан

  • 13.01.2025

Елордадағы «Астана-1» (ескі вокзал) вокзалында анасы тастап кеткен сәбидің қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Айта кетейік, қаңтар айының басында әйел адам үш жасар баласын Астанадағы теміржол вокзалында тастап кеткен болатын. Полицейлер осыдан кейін сәбидің анасын іздеуге кіріскен болатын.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Астана вокзалындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері баланың анасын іздеп тапты. Ол бұрын психиатриялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болды. Қазір сәбидің анасы полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта сәбиді қауіп-қатерге қалдыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.

Ведомство мәліметінше, үш жасар сәби Астана қаласы әкімдігінің қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

16.04.2025

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

14.04.2025

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13.04.2025
MalimBlocks
Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті