457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Атасы зорлаған". Астанада 7 жасар қыздың оқиғасына қатысты тың мәлімет шықты

Астанада 7 жасар қызды зорлау оқиғасы бойынша тың мәлімет шықты. Баланың зорлану дерегін Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады

Астанада 7 жасар қызды зорлау оқиғасы бойынша тың мәлімет шықты. Баланың зорлану дерегін Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

"Сексуал сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Бұл оқиға туралы адвокат Азамат Сағал да Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Бүгін Астанада бір істі "pro bono" негізінде қолға алдым. Сол жерде мен 7 жастағы "А" есімді қыздың құқықтарын қорғап отырмын. Баланы 6 сәуірде өз атасы зорлап, азғындық әрекеттер жасаған деген күдік бар. Бұл мен үшін өте қиын іс! ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлімі бойынша айыпталып отыр. Күдікті қылмыс орнынан қашып кеткен еді. Астана қаласының полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Кінәлі адам лайықты жазасын алады! Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!" - деп жазды адвокат.

Фото: pixabay.com