Атышулы іске қатысты ақпарат тарап жатыр: Челахтың туыстары пікір білдірді

Әлеуметтік желіде 11-12 сәуірде «Челахтың өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімнің күшін жоюды сұрады» деген тақырыппен жарияланымдар пайда болды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды

Сұлу Бөлек

  • 14.04.2025

Әлеуметтік желіде 11-12 сәуірде «Челахтың өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімнің күшін жоюды сұрады» деген тақырыппен жарияланымдар пайда болды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Посттарда, басқа да мәліметтермен қатар, «Жоғарғы Соттың кассациялық алқасы өмір бойы бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың шағымын қарады…» және «Жоғарғы Сот үкімді қайта қараудан, қосымша тергеу жүргізуден, сондай-ақ БҰҰ Комитеті мойындаған құқықтарының бұзылғаны үшін 30 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуден бас тартты» делінген.
Бұл жаңалық негізінен аймақтағы ақпараттық парақшаларда тарап, жалпы есеппен жүздеген мың қаралым мен мыңдаған пікір жинады. Алайда бұл ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбаған.

Factcheck.kz редакциясы бұл ақпараттың растығын тексеріп, мұны манипуляция деп атады. 
Белгісіз себептермен парақшалар 2019 жылғы 22 қаңтарда (!) БАҚ-та шыққан жаңалықтарды қайта жариялап отыр, тіпті тақырыбын да сол күйінде көшірген. Дәл сол уақытта Владислав Челахтың үкімін қайта қарау сұралған-ды, кейін Жоғарғы Сот өтінішті қанағаттандырмады. Біз бұл жарияланымдарды манипуляция деп есептейміз, себебі шынайы, бірақ ескірген ақпарат жаңалық ретінде ұсынылған, бұл өз кезегінде жұртты жаңылыстырады. Мұны жазбалардың астындағы көптеген пікірден байқауға болады.

Челахтың туыстары не дейді?

Қазір Жоғарғы Соттың сайтындағы «Сот кабинеті» бөлімінде 2025 жылға қатысты Челах ісі бойынша ешқандай қаулы не шешім тіркелмеген. Бұдан бөлек, Челахтың туыстары Factcheck.kz тілшісіне әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарып, кейінгі кезде жаңа шағым да, сот процесі де болмағанын мәлімдеді.

Толығырақ
Анықталған ең алғашқы жарияланым 11 сәуірде karaganda_vkurse және novosti.karaganda парақшаларында Instagram желісінде ортақ пост ретінде жарияланған. Бейнежазбада «Челах өз әріптестерін өлтіре ала ма?» деген жазу бар. Бұл — 2012 жылы болған қайғылы оқиға кезінде KTK арнасы түсірген деректі бейнематериалдың үзіндісі. Алайда, шағымды қарау және одан бас тарту туралы жаңалықтың дереккөзі көрсетілмеген. Басқа аймақтық парақшалардың көбі осы екі парақшаға сілтеме жасаған.

Ал qaragandy.online Instagram парақшасы 12 сәуірде жариялаған постында алғашқы дереккөз ретінде ZTB.KZ ақпараттық ресурсын көрсеткен. Бұл постта мәтін: «Бүгін» Жоғарғы Сот үкімді жоюдан бас тартты деп сәл өзгеше жазылған.

Алайда ZTB.KZ Instagram парақшасында мұндай тақырыпта сол күні, тіпті жақын күндері де ешқандай пост жарияланбаған. Бірақ кілт сөздер арқылы іздеу барысында ZTB news сайтындағы жарияланым табылды, тексеріліп жатқан посттар сол материалға негізделгені анықталды. ZTB news өз кезегінде Tengrinews.kz сайтының 2019 жылғы 22 қаңтардағы мақаласына сілтеме жасаған.

ZTB news сайтында материалдың жарияланған күні 22 қаңтар деп көрсетілген, бірақ жылы көрсетілмеген, сондықтан 2025 жылғы жаңалық сияқты көрінуі мүмкін. Алайда сайт бетінің кодын қарап шыққанда, бұл мақала расында 2019 жылғы 22 қаңтарда жарияланып, сол күні жаңартылғаны белгілі болды. Дәл сол кезде Челахтың шағымы мен соттың бас тартуы туралы хабар тарады.

Осылайша, бұл жаңалық 2019 жылдың басында республикалық БАҚ-та жарияланған. Алайда 2025 жылдың сәуірінде кейбір әлеуметтік желі парақшалары бұл ақпаратты қайта таратқан. Неліктен бұлай болғаны белгісіз. Бәлкім, олар ескірген ақпаратты жаңалық деп қабылдаған болар.

Контекст
2012 жылғы 28 мамырда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адам — 14 әскери қызметші мен көрші орналасқан аңшылық шаруашылығының бір аңшысы қаза тапты. Аталған қылмысқа Қарағандыдан шыққан мерзімді әскери қызметші Владислав Челах кінәлі деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын Қостанай облысындағы мекемеде өтеп жатыр.

Осы жылдар ішінде оқиғаға қатысты түрлі нұсқа айтылып келді. 2022 жылдың соңында Челах Қазақстан Президентіне тергеуді қайта қарау туралы өтініш жасап, ол кезде «заставаға шабуыл жасалғанын» және «бәрін айтып беруге дайын екенін» мәлімдеді. Кейінірек әскери прокурор Дастан Секенов журналистерге берген сұхбатында Челахтың мұндай өтініштерді жыл сайын жолдайтынын, «жаңа мәліметтер ашуға уәде беретінін», бірақ олардың ешқайсысында жаңалық жоқ екенін айтты.

Фото: bureau.kz

Байланысты жаналықтар

«Денесін достары алып келген»: Маңғыстауда 11 сынып оқушысы түсініксіз жағдайда көз жұмды

13.04.2025

Жамбыл облысында бұрынғы полицейді өлтірді деген күдікті қамалды

06.04.2025

Көпір астынан ер адамның сүйегі табылды

25.02.2025

Павлодарда кәсіпкер өлі күйінде табылды

23.02.2025

Қарағандылық полицейлер ұрланған жылқылардың үстінен түсті (ВИДЕО)

03.11.2024

БҚО-да көліктерге сығымдалған газ газ құю қиындай бастады (видео)

26.10.2024
MalimBlocks
«Денесін достары алып келген»: Маңғыстауда 11 сынып оқушысы түсініксіз жағдайда көз жұмды

Жамбыл облысында бұрынғы полицейді өлтірді деген күдікті қамалды

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында

Көпір астынан ер адамның сүйегі табылды

Павлодарда кәсіпкер өлі күйінде табылды

Қарағандылық полицейлер ұрланған жылқылардың үстінен түсті (ВИДЕО)

Күдіктілер 40 бас жылқыны сатуға апара жатқан беті екен

БҚО-да көліктерге сығымдалған газ газ құю қиындай бастады (видео)

Жұрт жанармай бекеттерінде сағаттап тұруға мәжбүр