457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өскемен тұрғыны қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеп жіберген

Өскемен қаласында өртенген үйден адам мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер мен полицияға қаладағы Мызы көшесі, 13 мекенжайындағы пәтердің жанып жатқаны жайлы хабар түскен.

Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен ТЖД қызметкерлері көп ұзамай тілсіз жауды ауыздықтады.

Пәтер ішін барлау кезінде ер адамның мәйіті табылды. 37 жастағы азаматтың денесіндегі жарақаттардан оның зорлық-зомбылықпен өлтірілгені байқалады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ол пәтерге өрт қойып қылмысын жасырмақ болған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабымен (Адам өлтіру) іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Фото: Pexels 

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған