Ауыл әкімі зорламақ болған. Жәбірленуші үндеу жасады

9 қыркүйекте алғашқы сот тыңдауы өтті

Мадина Қайнарова

  • 18.09.2024

Тамыз айының басында Жетісу облысы Ақсу ауылының әкімі әйелді зорламақ болған деген ақпарат таралған еді. Бұл туралы Мұрат Орманов есімді азамат әлеуметтік желіге жариялаған бейнежазбасында айтып берді. Мұндай әрекетті  әкім екінші рет жасап отырғанын айтқан.

Осы ақпарат таралғаннан кейін Ақсу ауылдық округінің әкімі Ілияс Райымқұлов БАҚ-қа бұл әңгімені таратқандар өзін жұмыстан кетіру үшін жала жауып жатқанын айтып ақталған. Соған байланысты заңгер жалдап, жала жауып отырған кісінің үстінен арызданып жатқанын да жеткізеді. Ал жәбірленушінің «үйіме заңсыз кірді» деп қана арызданғанын, «зорлады» деген әңгіме мүлде шындыққа жанаспайтынын айтқан.

Бұл іс сотқа дейін жетіп, 9 қыркүйекте алғашқы сот тыңдауы өтті. Алайда жәбірленуші тарап бұл істің «үйге заңсыз кіру дерегі» бойынша ғана қозғалғанымен келіспейді. Әйелдің айтуынша, ауыл әкімі оған жыныстық зорлық-зомбылық көрсетпек болыпты. Сот әділ өтпейді деп күмәнданған әйел оқиғаны ашық айтып, бейнежазба жариялауға мәжбүр болғанын айтады.

- Түнгі екілер шамасында терезе арқылы үйге кірген. Біз ұйықтап жатқанбыз. Біреу іш киімімді шешіп жатқан кезде оянып кеттім. Қасымда ер адам отырғанын көріп, басында күйеуім екен деп қалдым, бірақ оның үйде жоқ екені есіме бірден түсіп, жүгіріп барып жарықты жақтым. Сол кезде әкім үйден қашып шықты, - дейді жәбірленуші әйел.

Сотта екі жарым сағат бойы болған жағдайды түгел баяндап берген екен. Бірақ әділ шешім шығарылатынына сенімі аз.

- Сот әділ болмайды деп ойлаймын. Мен - төрт баланың анасымын. Бастықтар осылай кім көрінгеннің әйелінің үйіне кіре беретін болса, жағдай не болмақ? Мен тек әділ шешімді, соттың әділ өткенін қалаймын. Сол үшін осындай қадамға баруға мәжбүрмін, - деді ол.

Фото: видеодан скрин

 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды