Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді

Сұлу Бөлек

  • 06.05.2025

Алматыда әйелін пышақтап өлтірген полицей қанды қылмысты балаларының көзінше жасағаны айтылды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Көрші-қолаңды шырылдап көмекке шақырған да сол кішкентай ұл-қыздары екен. Қанжоса болған әйел жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. Кейін күдікті өзінің тамағын пышақпен орып жіберіпті. Қазір оның беті бері қарап, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Жаныңды түршіктіретін оқиға сенбіде тапа-тал түсте бұл есіктің ар жағында болған. 39 жастағы ер адам өз пәтерінде әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан. Алған жарақаттарынан әйел тіл тартпай кетіпті. Ал қанды оқиға болған пәтердің есігі қазір мөрленген. Сорақысы сол, мұның бәрі кішкентай ұл-қыздардың көз алдында болған. Ерлі-зайыптының үш баласы бар. Көршілерін көмекке солар шақырған. Мұндағы тұрғындар қанды қылмыстан қатты шошығандықтан, камераға ашық сөйлеуден сескеніп отыр.

"Шулап жатты, үй жақта жүрген кезімізде, содан көмек сұрады кішкентай қыздары мен үлкен балалары. Сонымен үйден шығып бардым. Жаңағы жағдай болып жатыр. Пышақтаған. 103 пен 102 шақырылды. Келді. 4-5 минуттың ішінде келіп, ары қарай көмек көрсету басталды", - делінген хабарламада.

Үш баласын анасынан айырған қатыгез әке кейін өзіне қол салмақ болып, тамағын пышақпен орып, ішіне пышақ сұққан. Қазір ол күзеттің бақылауымен ауруханада жатыр. Жағдайы орташа ауыр дейді дәрігерлер. Ал кикілжіңге отбасындағы жанжал себеп болған. Көрші-қолаң олардың жиі ұрысатынын, ал күдіктінің ішімдікке әуес болғанын айтып отыр.

"Бұл ер адам жиі ішімдік ішкен екен. Полиция қызметкері болған. Пәтерде үнемі төбелес болатын. Ерлі-зайыпты үнемі жанжалдасып жататын", - дейді көршілері.

Ресми мәліметке сүйенсек, 39 жастағы күдікті сол күні сап-сау болған әрі ол шынымен де полиция қызметкері болып шықты. 

"Адам өлтіру дерегі бойынша Наурызбай ауданы ПБ қылмыстық іс тіркеліп, тергелуде. Бұрын-соңды бұл азамат Алматы облысы ПД қарасты бөлімшелердің бірінде қызмет істеген", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бейресми мәлімет бойынша, қанды қылмыс жасаған қызметкер полиция департаменті айтқандай, жұмыстан шығарылмаған, тіпті сенбі күні түсте тәулік кезекшілігінен шыққан. Қазір оның беті бері қарап, хирургия бөлімшесіне ауыстырылған. Ал күйеуінің қолынан қаза тапқан 34 жастағы әйел Ұзынағаш ауылындағы балабақшада директор қызметін атқарған.
Фото: Polisia.kz 

Байланысты жаналықтар

Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

05.05.2025

Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді

04.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

04.05.2025

Алматыда экс-полицей сүйіктісін өлтірді деген күдікке ілінді

04.05.2025

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

02.05.2025
MalimBlocks
Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

Ақын туған күнін Қазақстанда атап өтті

Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

Алматыда экс-полицей сүйіктісін өлтірді деген күдікке ілінді

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды