Еліміздегі барлық мектептің асханалары тексеріледі

Бесшоқы ауылында 500 бала уланған болатын

Malim Админ

  • 09.09.2024

Маңғыстау облысының Бесшоқы ауылында 500 бала мектеп асханасынан тамақ ішіп, уланып қалған болатын. Жаппай уланудың себептерін анықтау бойынша жұмыстар үкіметтің жеке бақылауына алынды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір уланғандардың ішінде 460 баланың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. 83 бала ауруханаға жатқызылған, тағы екеуі – жансақтау бөлімінде. Ауруханадағы ұл-қыздардың жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады.

- Улану белгілерімен келген балалардың барлығына толық көлемде медициналық та, психологиялық та көмек көрсетілді. Оқиға орнында Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ зардап шеккендер мен олардың отбасыларына қолдау көрсету үшін шаралар қабылданбақ. №8 мектепте тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі.

Фото: ural-meridian.ru

Байланысты жаналықтар

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Кептірілген балық жеп, аяқ-қолымнан айырылдым - Бота Бурханова

07.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025
MalimBlocks