457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Фототұзаққа қозықаларын ерткен ұрғашы арқар түсті

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі фототұзақ сирек кездесетін ерекше сәтті тіркеді деп хабарлайды malim.kz тілшісі Altainews.kz басылымына сілтеп.

 

Камера екі қозықасымен жүрген ұрғашы арқарын түсіріп алған.

– Арқардың төлдеуі мен оның жабайы табиғатта еркін тіршілік етуі – экологиялық тұрғыдан аса маңызды жағдай. Мұндай кадрлар сирек кездесетін арқарлардың табысты көбейіп жатқанын көрсетеді, –

деді «Тарбағатай» паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары.

Мамандардың айтуынша, арқарлар сәуір-мамыр айларында төлдейді. Шілде айында аналықтар қозықаларымен бірге жүре бастайды. Бұл кезеңде төлдер ана сүтінен біртіндеп шөпке көшіп, өздігінен жайылып, қорғануды үйрене бастайды. Қозықалар топпен жүру мен қауіпке бірлесе әрекет етудің дағдыларын меңгереді.

Photo: «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі видеосынан скрин