«Менің атым - Қожа» фильмінде басты рөлді ойнаған Нұрлан Санжар ауруханаға түсті

Донор табылмай қалса, бұл да өмірге қауіп төндіреді

Malim Админ

  • 14.03.2025

Белгілі жазушы, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжар терапия алу үшін ауруханаға жатқызылды. Ол өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққан. Бұл туралы Orda.kz-ке сілтеме жасап, Malim.kz хабарлайды.    

Науқастың жағдайы туралы сайт тілшісі Дидар Қайрат Facebook парақшасында хабарлады.

Ол қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан киносценарист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты. Қазір Нұрлан Санжар медициналық көмекке мұқтаж. Бүгін ол терапия алу үшін ауруханаға жатқызылды.

Ол – Еуропадағы Lambert академиялық баспасынан алты ғылыми кітабы жарық көрген ғалым, «Жошы», «Бату», «Періште», «Қызыл қар» романдарының авторы. Бұған қоса, баспадан шықпаған тоғыз қолжазбасы бар. Киносценарист ретінде де ол қазақ кино өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Orda.kz жазуынша, Н.Санжар ауруын жеңілдетіп, өмірін ұзартуға көмектесетін екі жол бар екенін айтты. Бірі – дің жасушаларын трансплантациялау, бірақ бұл бірнеше жылды қажет етеді. Оның үстіне, кейін қатерлі ісік қайта пайда болу қаупі жоғары. Екіншісі – Астанада трансплантация жасау, бірақ ол үшін қанша уақыт күту керектігі белгісіз. Донор табылмай қалса, бұл да өмірге қауіп төндіреді.

Менің дәрігерім бұл мәселені зерттеп жатыр. Иә, енді ашық айтуға болады. Басты мақсатым – әйелім мен ұлым үшін тірі қалу. Жағдай өте ауыр. Созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОБЛ) 4-ші сатысында өмір сүру ұзақтығы орта есеппен алғанда жарты жылдан бір жылға дейін ғана. Маған қоғам мен биліктің көмегі ауадай қажет, - деді Нұрлан Санжар.

Фото: aikyn.kz 

Байланысты жаналықтар

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

01.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

30.03.2025

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

30.03.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты

26.03.2025

Рим Папасы ауруханадан шықты

24.03.2025

Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

22.03.2025
MalimBlocks
«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

Ол тұра алмай қаламын деп қорыққан.

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

Қызық жағдай кинoда бoлып жатыр. Бұрын «талантты, маман кинo рeжиссeрлeрi жeтпeйдi» дeп қиналатынбыз. Eндi eлугe жуық рeжиссeр бар, ал қoятынымыз – жылына бiр фильм. Бiр кeздeгi eң таңдаулы кинo қалашығы қаңырап тұр. Oл да шeтeлдiктeргe жалға iстeп жатыр.

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

Скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты

Рим Папасы ауруханадан шықты

Ол жиналған халықты қарсы алып, оларға батасын берді, сондай-ақ алаңда жиналған үш мыңға жуық адамға бас бармағын көтеріп, «бәрі жақсы» екенін айтты

Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Павлодар облысының Ақсу ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде аттан құлап, ауыр жарақат алған жасөспірімге дәрігерлер шұғыл операция жасады