Өскеменде тұрғындарға аю шабуылдады

Оқиға теміржолдың бойында болған

Malim Админ

  • 27.08.2024

ШҚО-ның Серебрянка қаласында төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарды абай болуға шақырды. Күні кеше ғана мұнда адамға аю шауыл жасаған,- деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Арматура зауытынан 91 шақырым жердегі темір жолдың бойында болған. Аю екінші посттың жол бұрушы қызметкеріне тап берген.  Абырой болғанда теміржолшы зардап шекпеген. Алайда, әлеуметтік желіде қала тұрғындары  уайымдап жатыр. Айтуларынша, тұрғындарға құлақтандыру жұмыстарын жүргізу кезінде көлік көше бойында жоғары жылдамдықпен жүріп өткен.
- Хабарландыруды тыңдау үшін көліктің соңынан жүгіру керек болды. Құдды бір іздерінен аю қуып келе жатқандай, - деп шағымданды олар.
Ал енді Instagram-да жарияланған видеода азаматтар «аю» дегеніміз   қонжық деп отыр. Оны теміржолшылар өлтіріп, видеоға түсіріп алыпты. Бұл әрекеттері әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырып отыр.
- Қонжық болса, адамға шабуылдауы екіталай. Өлтіріп, фотосуретке түсіргені не қылық? Жануарларды қорғайтын министрлік қайда қарап отыр? – деп жазып жатқандар да бар.

Осыған байланысты төтеншеліктер тұрғындарға жыртқышқа тап болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін ескертті.

Фото: Видеодан скрин 
 
Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

08.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды