Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қостанайда 7 жастағы қыздың ата-анасы дәрігерлерді баласының өліміне кінәлап отыр

Сұлу Бөлек

  • 06.04.2025

Қостанайда 7 жастағы қыздың ата-анасы дәрігерлерді баласының өліміне кінәлап отыр, - деп хабарлайды Malim.kz.kz TobolInfo-ға сілтеме жасап.

Қостанайда 7 жастағы Раяна Қабжанова қайтыс болды. Ол шамамен бір ай бойы тыныс алу жолдарының ауруына байланысты емделген. Қайғылы оқиғаға байланысты ата-анасы №3 қалалық емхана, жедел жәрдем және балалар ауруханасының дәрігерлерін кінәлайды.

Анасының айтуынша, 28 ақпанда қыз бала жөтеле бастаған, содан кейін №3 емханада оған антибиотиктер мен шәрбаттар жазып берген. 7 наурызда дәрігер мектепке баруға рұқсат беріп, еңбекке жарамсыздық парағын жапқан. Алайда бірнеше күннен кейін қыздың жағдайы нашарлап, отбасы қайтадан емханаға жүгінеді. Диагноз – ангина, симптоматикалық ем тағайындалған.

"Маған үнемі "қызыңызда ангина" деп, тек тамақты шаю керек екенін айтумен болды. 14 наурызда Ткачук деген дәрігерге бардық, сонда өзіміз антибиотикті ауыстыруды сұрадық. Ол келісіп, басқа дәрі жазды, бірақ қызымның дене қызуы түспеді", – деді Раянаның анасы.

Қайтадан жүгінгеннен кейін қыз бала ауруханаға жатқызылған. Оған "Цефазолин" тағайындалған, бірақ дене қызуы түспеген. Ананың айтуынша, ауруханада уақытылы көмек көрсетілмеген.

Тек ақылы палатаға ауыстырылғаннан кейін ғана "пневмония" диагнозы қойылған. 18 наурызда қыз бала жансақтау бөліміне ауыстырылған.

"18 наурызда сағат 16:00-де жұбайым ауруханаға барып, қызымыздың жағдайын сұрады. Дәрігерлер "бәрі жақсы" деді. Бірақ сол түні, 18-інен 19-ына қараған түнде Раянам қайтыс болды", – дейді әкесі Рүстем.

Ата-анасы полицияға арыз түсірді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

06.04.2025

Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

06.04.2025

Ғимараттар қирап, жолдарды су басты: дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты

06.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

06.04.2025

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

05.04.2025
MalimBlocks
Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері 6 адамды құтқарып, 8 адамды эвакуациялады

Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

Құтқарушылар көлік ішінде жүргізушімен бірге болған екі жолаушыны судан аман алып шықты

Ғимараттар қирап, жолдарды су басты: дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты

АҚШ-тың орталық-шығыс бөлігінде болған дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

Палестина Білім министрлігі 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израильдің әскери әрекеттері салдарынан Газа секторында 17 мыңнан аса баланың қаза тапқанын мәлімдеді

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

Ақмола облысында 2 жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды