Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы қақпашысы өмірден өтті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды.
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Андрей Морев «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» сынды командалар сапында өнер көрсеткен.
«Ақтөбе» құрамында екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды.
Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді. Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады, — делінген ресми ақпаратта.
Фото: ҚФФ