Қостанай облысында жылу қазандығы жарылды

Арман Қайыпхан

  • 06.11.2024

6 қараша күні Қостанай облысына қарасты Амангелді ауылында мәдениет үйінің бөлек орналасқан қазандығы жарылып, ғимарат қирап қалды, деп хабарлайды Malim.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үйінді астынан 55 жастағы ер адам құтқарылды. Оны Арқалықтағы ауруханаға жеткізу үшін арнайы тікұшақ шақырылды. 

Куәгерлердің сөзінше, жарылыс болған кезде ғимаратта басқа адамдар болмаған. 

Амангелді ауданының әкімдігі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

 "Аман-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты N2 қазандық 2 қабатты үш тұрғын үйді және әкімшілік ғимараттарды (сот, мұражай, мәдениет үйі) жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Сол қазандықтағы 2022 жылы орнатылған жылу қазандығы жарылып, оқыс оқиға болды. Оқиға барысында 1969 жылы туған науқас Амангелді аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Науқасты аудандық ауруханадан Арқалық қаласындағы өңірлік ауруханаға жеткізу мәселесін шешу және емдеу шараларын реттеу мақсатында санитарлық авиация арқылы ауданға анестезиологтер бригадасы жіберілді", – деді аудан әкімі Қанат Кеделбаев.

Сондай-ақ жергілікті әкімдік өкілдері жылумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін бір тәулік ішінде дайын контейнерлік типтегі блоктық-модульдық қазандық орнатылатынын айтты.

"Сондай-ақ  қалпына келтіру жұмыстары кезінде қазандыққа қосылған үйлердің тұрғындарына жылумен қамтамасыз ету үшін бірқатар шара  қабылданып жатыр. Тұрғындар жылусыз қалмайтын болады", – деді олар.

Фото: Instagram/tobol_info

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады