Қостанай облысында ер адам әйелі мен енесін пышақтап тастады

Жергілікті тұрғындар ер адамның қылмыс болған жерге жақын маңдағы сарайдан табылғанын, оның денесінде пышақтан алған жарақаттар болғанын мәлімдеді, Malim.kz сайты «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 15 шілде күні кешке Қарабалық ауылында болған.
Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға отбасы мүшелерінің арасындағы жанжал кезінде болған деп болжануда. 39 жастағы және 74 жастағы екі әйел көз жұмды. Олар күдіктімен – 45 жастағы Қарабалық ауылының тұрғынымен бір үйде тұрған. Күдікті ұсталғанға дейін таратылған бағыттамада қаза тапқандардың денесінде пышақтан салынған жаралар бар екені айтылған.
"Осы факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарабалық ауылының 45 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, қылмыстың себебі мен мән-жайлары анықталуда", — деп мәлімдеді Қостанай облыстық ПД.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, марқұмдар күдіктінің әйелі мен енесі болған. 39 жастағы әйелдің кәмелет жасына толмаған балалары қалған.
Фото: © istockphoto.com

Ең көп оқылған
