"Құрылыс компаниясы жағдай жасамаған". Астаналық тұрғынды автобус қағып өлтірді

Марқұмның туыстары оқиғаға жүргізуші ғана кінәлі деп есептемейді

Malim Админ

  • 28.10.2024

Астанада 26 қазан күні сағат 22:00-де №56 автобус 22 жастағы Лолита Канды қағып өлтірген. Оқиға Шыңғыс Айтматов пен Жұбан Молдағалиев көшелерінің қиылысында  болған. Жағдайдың мән-жайын Azattyq Rýhy  марқұмның туыстарына хабарласып, білген.

Лолита Канның туыстары бұл оқиғада тек жүргізуші ғана кінәлі деп есептемейді.

«Қайтыс болған бойжеткен менің әйелімнің туған сіңілісі. Қазір әйелім болған оқиғадан әлі есін жия алар емес. Балдызым жолақтан өтпеді деп жатыр. Алайда ол жерде басқа өтетін орын болған жоқ. Ол жолдың үстімен өтуге мәжбүр болды. Себебі жол маңайында үйлердің құрылысын жүргізіп жатқан құрылыс компаниясы ешқандай жағдай жасамаған. Жаяу жүргіншілер өтетін тротуар да жоқ. Бұл оқиғаға қатысты жүруге жағдай жасамаған құрылыс компаниялары мен оны бақылайтын әкімдік жауапқа тартылуы керек деп санаймын. Барлық жерді қазып тастаған күнде де, белгілерді қойып, жаяу жүргіншілердің жолға шықпауын қамтамасыз етуі керек еді. Лолитаның өмірі енді басталып келе жатыр еді», - дейді марқұмның жездесі Аббас.   

Оның айтуынша, оқиға болған жолдың қиылысында Sat Ns құрылыс компаниясына тиесілі Delta тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Құрылысты тапсыру 2025 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған.

Оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаментіне сұрау жолданды.

Коллаж: azattyq-ruhy.kz

Байланысты жаналықтар

Астанада автобус отқа оранды

21.11.2024

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

17.11.2024

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

17.11.2024

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

17.11.2024

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

17.11.2024
MalimBlocks
Астанада автобус отқа оранды

Өрттің себебі анықталуда

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Үй шатыры өрнетіп, шатыр құлаған

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

Өрт 500 шаршы метр жерді шарпыған

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

Өрт 500 шаршы метр жерді шарпыған

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Ал жарылыстан үш адам қаза тапқан