Қытай ғалымдары болжаған жер сілкінісі Қазақстанға әсер ете ме?

Қытай ғалымдарының жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжамы таралған еді. Осы ретте сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісі бізде де болуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді

Сұлу Бөлек

  • 09.04.2025

Қытай ғалымдарының жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжамы таралған еді. Осы ретте сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісі бізде де болуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Пекиндегі жер сілкінісін зерттеу агенттігінің ғалымдары Чжу Хунбин басқарған топ, жер сілкіністерінің қайталанатын циклдеріне назар аударған. Ғалымдардың айтуынша, 8 балдан жоғары жойқын жер сілкіністері шамамен әр 30-40 жыл сайын қайталануы мүмкін. Осыған сүйене отырып, олар жаңа циклдің басталуы мүмкін деген болжам жасаған.

Бұл мәлімдемеге сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы былай деп үн қатты.

"Бұл зерттеу Қазақстанға қатысты емес. Зерттеу Қытайдың Сычуань және Юньнань аймақтарын, сондай-ақ Лунмэньшань жарылымы маңындағы аудандарды қамтыған. Бұл аймақтар Қазақстаннан мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан. Сонымен қатар, зерттеу шығыс Гималай өңірлерін де қамтуы мүмкін, бірақ ол да Қазақстаннан алыс және басқа сейсмикалық аймаққа жатады. Қытай ғалымдарының зерттеуі тек ғылыми болжам ретінде қарастырылуы керек. Бұл нақты жер сілкінісінің уақытын немесе орнын анықтайтын нақты болжам емес. Сондықтан “Қытай ғалымдары 8 баллдан жоғары жер сілкінісін болжады” деген ақпарат шындыққа жанаспайды және қате түсінік туғызады", - деді сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы.

Орталықтың айтуынша, Қытайдағы жер сілкінісі Қазақстанға әсер етпейді.

"Жоғарыда аталған зерттеу қамтыған аймақтар Қазақстаннан тым алыста орналасқан. Сол себепті, Қытайдағы ықтимал жер сілкінісі Қазақстанның Алматы немесе шекаралас аймақтарына ешқандай әсер етпейді. Қазақстан Республикасының Сейсмология институты азаматтарды мұндай ақпараттарға сын көзбен қарауға шақырады. Әсіресе, әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында тараған жалған немесе асыра сілтенген ақпараттарға сенбеу қажет. Ғылыми зерттеулер негізінде жасалған болжамдар паника тудыру үшін емес, керісінше, дайындық шараларын күшейту үшін жасалады", - деді орталық.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

Тәжікстанда жер сілкінісінен 3 жасар бала қаза тауып, 30 ғимарат қирады

13.04.2025

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

13.04.2025

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

12.04.2025

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

11.04.2025

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

10.04.2025
MalimBlocks
Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

Тәжікстанда жер сілкінісінен 3 жасар бала қаза тауып, 30 ғимарат қирады

Тәжікстанның шығысында жер сілкінісінен үш жасар бала қаза тапты, 30 үй мен бір мектеп қирады

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты