Ресейде бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық ұсталды

Ресейдің Красноярск өлкесі Шарыпово қаласында қазақстандық ер адам бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Оқиға биыл ақпанда Павлодарда болған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің денесін тапқан.
"Адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталған", - делінген хабарламада.
Қазір прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін тиісті шара қолданып жатыр. Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Фото: Павлодар облысы ПД

Ең көп оқылған
