Семейде 4 адам мінген көлік Ертіске құлап кетті

Төртеуден әзірге біреуі ғана аман шықты

Мәди Саматұлы

  • 05.01.2025

Бүгін таңғы сағат 06:00-де Семей қаласында, Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлікпен жүргізуші бетон қоршаумен соқтығысып, өзенге құлап кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, апат кезінде салонда 4 адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп шыққан. Ол медициналық көмекті қажет етпеген.

Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін бірден оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Сағат 09:00-де іздеу тобы бір қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты. Ол одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына берілді, деп жазылған министрлік ақпаратында.

Қазір құтқару операциясына 55 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты, су асты іздеуге арналған эхолот, 10 техника жұмылдырылған.

Операцияны күшейту үшін қосымша Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімнен ҚР ТЖМ әскери қызметшілері тартылған. Оған қоса, Шығыс Қазақстан облысынан құтқару бөлімшелері келе жатыр.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

06.04.2025

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

04.04.2025

Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

04.04.2025
MalimBlocks
«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

Құтқарушылар көлік ішінде жүргізушімен бірге болған екі жолаушыны судан аман алып шықты

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді