Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Сұлу Бөлек

  • 01.04.2025

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл іс Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Семейде қатарласын соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік іс бойынша үкім шыққан. 

Сот шешімі қандай?

Сот оларды балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 127-бабына сәйкес тиісті әкімшілік жазалар тағайындады.

"Сот қаулысымен бойынша Л.А., 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынса, Д.М., М.Т., Т.А. және А.Қ. әрқайсысына 78 640 теңгеден айыппұл салынды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 24 ақпанда әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің баланы жерге құлатып, теуіп, үстіне секіріп, қорлаған видеосы тарады. Абай облысының полиция департаменті оқушыны соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Кейін халық соққыға жығылған балаға 24 млн теңге жинап берді. Бұл қаражат баспана алуға жұмсалған. 

Фото: Видеодан алынған кадр 

Байланысты жаналықтар

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды