Шерзат Полаттың әкесі : "Хуторский дегенде сескендік, олар ойлағанын істейді"

Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сол күнгі оқиғаға тоқталды

Сұлу Бөлек

  • 18.04.2025

Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сол күнгі оқиғаға тоқталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

"Дархан келді. Екеуміздің арамызда ұрыс-керіс болған жоқ. 23:00-ден кейін сыра сұрады. Мен сатпайтынымды айттым, қоймаған соң саттым. Түсінпеушілік аударымнан болды. Ол "Қалтаевадан" түсті деді, мен "Светланадан" ақша түскенін айттым. Одан ішімдіктің иісі шығып тұрды. Кейін марқұм ұлым кірді. Ол шетелге оқуға кетіп бара жатқан досын шығарып тастағысы келген. Дархан тағы бір кіріп телефонын қуаттағыштан алды. Сол кезде маған дөрекі сөйлеген болуы керек, оны ұлым естіген. Дархан шыққан соң, артынан еріп ол да шықты. Терезе ашық тұр еді. Екеуінің дауыс көтеріп сөйлескенін естідім. Шығып үлгергенше ұлым ұрып жіберген. Дархан ағамның досының танысы екен. Сол кезде "ауруханаға апарайын, еміңді берейін" дедім. Ол "кешірмеймін, балаң денсаулығын қойып тастайды, жігіттерді шақырамын" деді. Нұрқанатты шақырдым. Нұрқанат та Дарханға түсіндіріп айтты. Ол телефонмен біреулер шақырып жатты. Бәріміз кешірім сұрадық. Нұрбол келді. Біз Хуторский жігіттерміз, бізді білмейсіңдер ме?" деді", - дейді Шерзаттың әкесі. 

Оның айтуынша, жігіттер кетіп қалып, біраздан соң қайтып келген. Одан кейін жас бала келіп, Нұрболға болған оқиғаны түсіндіріп, тіпті "мына ағаның ісі дұрыс қой" деген. Одан кейін бірнеше көлік келген. Қаржаубай Нұрымов Дархан жігіттерге жалған ақпарат таратқан. 

"102-ге бір-екі рет хабарластым. Олар телефон алмады. Кейін 103-ке де хабарластым. Олар да алмады. Кейін Талғардың жедел жәрдем меңгерушісіне хабарластым. Ол да телефонын көтермеді. Кейін телефонды алғанда не айтып жатқанымды түсінбедім. Сөйтіп дүкенге кірдім. Артымнан үш жігіт кіріп, сыра аламыз деді. Мен дүкенді жабамын дедім. Терезеден соққыны естідім, төбелес басталып кетті. Мен пышақ алып шықтым, себебі Хуторский дегенде сескендік. Түсінбейді, төбелес тоқтамайды деп ойладық. Олар бәрібір ойлағанын істейді. Тіпті көршімізді де бірде пышақтап кеткен. Бәрі шықты. Дүкеннен шыққанда Азамат есікті тепті, мен ішке қарай құладым", - деді ол. 

Кейін Қаржаубай Нұрымов күдіктілердің атын атады. Олар орнынан тұрды. 

Қаржаубай Нұрымовтың айтуынша, сол кезде соққы алып, тіпті пышақ жарақатын алған. Ол құлап кетіп, көзін ашқанда төбелес арасында анасын, әйелін көрген. 

"Нұрқанат пен Шерзаттың анасы Шерзатқа қарай жүгірді. Арықта су болған анам соған тұншығып қалмасын деп мен соған жүгірдім. Шығарып болғанша жағдайлар болды. Бәрін ажыратып жүрдім", - дейді ол. 

Оқиға туралы не белгілі?

2024 жылы 4 қазанда Алматы облысында жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Фото: Видео кадры

Байланысты жаналықтар

Ұлымның аузынан бұрқ етіп қан аққанын көрдім - Шерзаттың анасы

18.04.2025

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

18.04.2025

Балам жеткен адамның жағасына жабысып, қол көтерген емес - Шерзаттың әжесі

18.04.2025

Атырау қаласының маңында жүк көлігі аударылып, мұнай төгілді

18.04.2025

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

17.04.2025

Шерзат Болат оқиға түні қандай жарақат алған?

17.04.2025
MalimBlocks
Ұлымның аузынан бұрқ етіп қан аққанын көрдім - Шерзаттың анасы

Талғарда бір топ баланың қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишембиева оқиға болған түн туралы айтып берді

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

Балам жеткен адамның жағасына жабысып, қол көтерген емес - Шерзаттың әжесі

Атырау қаласының маңында жүк көлігі аударылып, мұнай төгілді

Автокөлік тас жолдан шығып кеткен

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

Шерзат Болат оқиға түні қандай жарақат алған?

Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы басталды,