Талғарда тағы да атыс болды

Алматы облысы Талғар ауданында атыс болған. Тәртіп сақшылары бір адамды қамауға алды, осыған қатысы бар деген тағы төрт күдікті ауруханада жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға фактісі бойынша полиция қылмыстық істі тіркеді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Іздестіру шаралары жүргізілуде.
Бастапқыда желіде атыс тойда болғаны туралы ақпарат тарады. Бірақ полиция мұны жоққа шығарды.
Оқиғаның үйлену тойында болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тергеу мүддесі үшін басқа егжей-тегжейлер жариялауға жатпайды, - деп хабарлады Алматы қаласының ІІД.
Фото: istockphoto