Тәрбиеші төрт жасар баланы тұншықтырған

Алматы балабақшаларының бірінде баланы ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Malim Админ

  • 14.02.2025

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан. Аталған жағдай мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарады. 

Кадрлардан тәрбиешінің баланы орындыққа күштеп отырғызып, тұншықтырғанын байқауға болады. Бала сол сәтте бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұрайды. Алайда олар мән бермей отыра береді. 

Бала ата-анасына жағдайды өзі жеткізген. Сосын ата-ана бейнебақылау камерасын ашып қараған. Нәтижесінде полицияға арыз жазған.

Алматы қаласы Полиция депаратменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады полициядан.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

11.04.2025

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

10.04.2025

Шерзат Полаттың жүрек тұсына пышақ сұққан - прокурор

10.04.2025

Шерзат ісі. Материалдар сотқа жіберіледі

12.03.2025

«Ұрлықшы қылғысы келді». Жетісулық азамат полицияны кінәлап, өзіне қол жұмсады

05.03.2025

Талдықорғанның бұрынғы бас полицейі Күштібаев зорлаған әйел 6 жылға сотталды

28.02.2025
MalimBlocks
Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады

Шерзат Полаттың жүрек тұсына пышақ сұққан - прокурор

Бұл іс бойынша сот отырысы Талдықорғанда өтіп жатыр.

Шерзат ісі. Материалдар сотқа жіберіледі

«Ұрлықшы қылғысы келді». Жетісулық азамат полицияны кінәлап, өзіне қол жұмсады

Талдықорғанның бұрынғы бас полицейі Күштібаев зорлаған әйел 6 жылға сотталды