Ташкентте 10-сынып оқушысына сезімін білдірген 61 жастағы мұғалім сотталды

Ташкентте 61 жастағы мұғалім 2008 жылы туған шәкіртіне деген сүйіспеншілігін білдіріп, сабақ үстінде әдепсіз қылық көрсеткен, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Daryo.uz-ға сілтеме жасап.
2 мамырда Мырза Ұлықбек аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты 1964 жылы туған физика пәнінің мұғалімі И.Р.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
Ол аудандағы №18 жалпы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. 2024 жылғы 4 қарашадан бастап сол мектепте оқитын 2008 жылы туған 10-сынып оқушысына қатысты жөнсіз әрекеттер жасаған.
Атап айтқанда, ол оқушыға түрлі "смайликтер" жіберіп, 8 ақпанында сезімін білдіріп, сыныптастарынан оның жеке өмірі туралы сұраған. Ол сабақ кезінде оған қарап, сексуалдық әрекеттер жасаған.
Сотта мұғалім қызды екі жыл бойы аңдып жүргенін, оны жақсы көретінін, жаман ниеті жоқ екенін айтып, жеңіл жаза сұрады.
Бойжеткен оқиға туралы 2025 жылғы 29 сәуірде анасына хабарлаған. Анасы мектеп әкімшілігіне хабарлағанын, бірақ олар мәселені "сыртқа шығармай" шешуге тырысқанын және ешқандай тәртіптік шара қолданбағанын айтты. Мектеп директоры қыздан мұғалімнің дауысты жазбасын алуды сұраған, бірақ мұғалімге ешқандай шара қолданбаған.
Тергеу барысында мұғалімнің қызға сыныптастарының бірі арқылы "Менен қорықпасын, мен оны жақсы көремін, менің маңызды жоспарларым бар, оған үйленгім келеді" деп хабарлама жібергені анықталды.
Сот мұғалімді кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарды.
Фото: Pixabay.com