Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Ол менің тоқалым, ұлым бар»: Депутат Қырықбаев желідегі сыбыстарға жауап берді

Қоғам
«Ол менің тоқалым, ұлым бар»: Депутат Қырықбаев желідегі сыбыстарға жауап берді
politico kz

Әлеуметтік желіде мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевтың төңірегінде шу шықты. Оны өз "тоқалына" депутаттық мандатын "беріп", некесіз баласын жасырды деп айыптады, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шакимерген туралы болып отыр. Темір Қырықбаев бұл мәлімдемелерге қатаң жауап берді. 

Оның айтуынша, депутаттық орынды ешкімге сыйламаған, ал ұлын ашық мойындаған.

"Әлеуметтік желілерде мен туралы түрлі жазбалар тарады. Тіпті, мен оған мәслихаттағы депутаттық орнымды және басқа да нәрселерді сыйладым деген ақпарат бар. Мұның бәрі ақылға қонбайды! Ол өз сайлау округінен халықтың дауысымен сайланған. Бұл сұрақтарды аумақтық сайлау комиссиясына қоюға болады. Тіпті сайлаушыларға “Оған дауыс беріңдер, депутат болсын” деген де жоқпын", – деді депутат.

Сонымен қатар ол жеке өмірі мен бала туралы сыбыстарға қатысты да пікір білдірді.

"Ол менің тоқалым ба, жоқ па бұл менің жеке өмірім, оны талқылауға болмайды. Ал бала жөнінде мен еш жерде “ол менің ұлым емес” деген жоқпын. Ол менің ұлым. Оған өз тегімді бердім, мұны мен құдай мен адамдар алдында жасырмаймын!" – деді Темір Қырықбаев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу