Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

Әлем
Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің мақсаттары мен қорқыныштары туралы айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Eurovision News-ке сілтеме жасап. 

"Оның екінші қорқынышы – билігінен айырылу. Бұл қоғамның тұрақтылығына байланысты, бірақ жасына да тәуелді – ол жақында өледі, бұл – факт және бәрі бітеді", – деді Зеленский Eurovision News-ке сұхбатында.

Зеленский 72 жастағы Путиннің "жақында" қайтыс болатынын қалай болжағанын нақтыламады, ал журналистер бұл сөзін анықтап сұрамады. Алайда сұхбаттың жалпы контексті мен осы сөздің айтылғанына қарағанда, Украина басшысы бұл болжамын жақын арада болатын оқиғаға байланыстырмауы мүмкін. 

Украина президенті қарсыласының өлімі туралы пікірін Путиннің ең үлкен қорқыныштары туралы сұраққа жауап беру кезінде білдірді. Ол алдымен Ресей қоғамының түрлі факторлар әсерінен тұрақсыздану қаупі Путинді алаңдататынын атап өтіп, содан кейін осы сөздерін айтты. 

Сондай-ақ, Украина президенті өзін Путинмен салыстырып, бұл жағдайда бәсекелестік жас ерекшелігінің артықшығын айтты. 

"Мен Путиннен жаспын, сондықтан маған сенім артқан дұрыс. Менің келешегім жарқын", – деп қосты ол.

Фото: Азаттық радиосы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу