1 қаңтардан бастап кімдер банкроттыққа өтініш бере алады?

Арман Қайыпхан

  • 31.12.2024

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл мүмкіндікті банк, микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі бар жеке тұлғалар қолдануға құқылы, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәселен, жыл басынан бері Алматыда банкрот деп тану үшін тұрғындардан 6 500-ден астам өтініш түскен. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, талапқа сай келмеген 4 200 азаматтың өтініші мақұлданбаған.

Тек 737 жеке тұлға сот шешімімен "банкрот" деп танылды. Әлі де мыңнан астам азаматтың өтініші қаралып жатыр. Мамандардың сөзінше, қарыз алушыға бірнеше талап қойылады, – деп жазады qazaqstan.tv.

Егер сол шарттарға сай келсе, жеке тұлға банкрот деп танылады. Өтінішті 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн беруге болады.

"Азамат банкрот болса, оның салдары бар. Біріншіден, екінші деңгейлі банктерден немесе микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қатарынан несие ала алмайды. Екінші жағдай – бұл жерде 7 жыл, келесі банкроттық 7 жылдан кейін қолданылады. Одан кейін үшінші мәселе – банкрот болғаннан кейін 3 жыл қатарынан мүлік алып жатса, оған бақылау жүргізіледі. eGov платформасы арқылы немесе e-Gov mobile қосымшалары арқылы өтініш бере алады",  – деді Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Каипов.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан бюджетіне жарты жылда 8,9 трлн теңге түсті

05.08.2024

«Сауранбаев деген кім соншама?!»: Мәжіліс депутаты қарызға белшесінен батқан ҚТЖ-ны сынады

12.06.2024

«Қазақстан темір жолы» қалт-құлт етіп тұр: Компания банкрот болуы мүмкін екені айтылды

12.06.2024

Еліміздегі адамдардың 3,5 триллион теңге қарызы кешірілген

07.06.2024

Азаматтарды банкрот деп тануға өтініш қабылдау басталды 

03.03.2023
MalimBlocks
Қазақстан бюджетіне жарты жылда 8,9 трлн теңге түсті

Жаңа заңды енгізудің нәтижесінде 43 млрд теңге сомасына берешегі бар 13 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды.

«Сауранбаев деген кім соншама?!»: Мәжіліс депутаты қарызға белшесінен батқан ҚТЖ-ны сынады

Депутаттың сөзінше, ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев қаншама ереуілдер болып жатса да, біреуіне де бармаған.  

«Қазақстан темір жолы» қалт-құлт етіп тұр: Компания банкрот болуы мүмкін екені айтылды

Соның салдарынан теміржол желілері, локомотивтер, вагондар әбден тозған.

Еліміздегі адамдардың 3,5 триллион теңге қарызы кешірілген

Жоғары аудиторлық палата салықтық және кедендік әкімшілендіруге аудитін қорытындылады

Азаматтарды банкрот деп тануға өтініш қабылдау басталды 

Өтініш 14 күн ішінде қаралады