«Сауранбаев деген кім соншама?!»: Мәжіліс депутаты қарызға белшесінен батқан ҚТЖ-ны сынады

Депутаттың сөзінше, ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев қаншама ереуілдер болып жатса да, біреуіне де бармаған.  

Берік Дәулетов

  • 12.06.2024

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жемқорлыққа былығып жатқанын, ал ұлттық компания басшысы парламентке келуден қашатынын айтты, деп хабаралайды Malim.kz.

Депутаттың сөзінше, ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев қаншама ереуілдер болып жатса да, біреуіне де бармаған.  

Қазір көлік саласы туралы тыңдап отырмыз, оның ішінде ҚТЖ-ға көптеген сұрақтар болды. Бірақ ҚТЖ-ның президенті арамызда жоқ. Сауранбаев деген кім ол? Неге келмейді? Парламентте жұмыс істеп жүргеніме үш жыл болды, қайта-қайта осы мәселе көтеріледі, бірақ Сауранбаев келмейді. Кім ол, не қылған адам? Өмір бойы ҚТЖ жемқорлыққа былығып келеді, бірақ ол келіп жауап бермейді. Орынбасарларын жібереді... Біздің теміржолшылардың өмір сүріп жатқан «будкаларын» қараңыздар: 19-ғасырдағы «будкалар». Ұят емес пе? Президенті бір рет болсын ҚТЖ-ның жұмысшаларына барып, кездескен жоқ. Теміржолшылармен кездескен жоқ, олардың мәселесін тыңдаған жоқ. Қаншама ереуілдер болып жатыр, біреуіне де барған жоқ. Кім ол соншама? - деді депутат.

Оқи отырыңыз: «Қазақстан темір жолы» қалт-құлт етіп тұр: Компания банкрот болуы мүмкін екені айтылды

Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, еліміздің логистика саласында үлкен әлеуетке ие болып отырғанына қарамастан, басшыларды еш мүмкіндікті пайдаланбай, ұсақ-түйекпен айналысып жүр.

Дүниежүзілік банк сарапшыларының мәліметі бойынша, логистикалық тиімділік рейтингісінде Қазақстан 139 елдің ішінде 79-орында тұр. Жұрттың соңында салпақтап жүрміз. Шындығына келгенде біздегі әлеует өте үлкен. Шығыс Азиядағы, бүкіл Қытайдағы тауарлардың бәрін еліміз арқылы Шығыс елдеріне, Қиыр Шығысқа, Еуропаға жіберуге болады. Қазіргі геосаяси жағдайда біздің мүмкіндігіміз өте жоғары. Соны пайдаланып, елге пайдалы шаруаларды жасаудың орнына қайдағы бір ұсақ түйекпен айналысып отырмыз. ҚТЖ-ның мәселесін майшам алып қарау керек. Бұлар не істеп жүр, не қылған адамдар? Мемлекеттің ақшасын алады да, қарызға батырады. Басқа жерге ақша жетпей жатқан кезде. Қайда кетіп жатыр ол ақшаның бәрі. Әр ұлттық компанияны біз тексеруіміз керек. Олар қашанғы елдің байлығын қалталарына басып, шетелге барып, Дубайдан, Еуропадан үй алып шалқып жүреді. Халықтың жағдайын қашан ойлаймыз біз? Олардың айтқан өтірігіне сеніп осылай отыра береміз бе? Олай болмайды. Жоғары аудиторлық палата дұрыстап тексеріңіздер. Бармақ басты, көз қысты қылудың керегі жоқ. Жетер енді, елдің бетіне қалай қарайсыңдар? - деді ол.

Депутат Парламентке ұлттық компаниялардың, трансұлттық компаниялардың басшыларын шақырып, есеп алуды талап етті. Мәселені қарайтын комиссия құруды да ұсынып отыр.

Коллаж: Халық үні 

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды