2025 жылы қанша адам банкрот деп танылды?

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды

Сұлу Бөлек

  • 21.03.2025

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов 2024 жылы азаматтардан банкроттыққа байланысты 83 мың өтініш түскенін, ал 2025 жылдың үш айында бұл көрсеткіш шамамен 37 мыңға жеткенін айтты.

Ең сұранысқа ие рәсім – соттан тыс банкрот, ол азаматтарға банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы қарыздардан құтылуға мүмкіндік береді.

Былтыр 11 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылса, 2025 жылдың үш айында бұл сан 2 мыңнан асты.

Бұл ретте елде төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін былтыр13 адам, ал биылғы үш айда 17 адам қолданған.

"Банкрот рәсіміне ең көп өтініш Алматы облысында берілген – 23 мың өтініш, бұл – республика бойынша барлық өтініштің 11,8 пайызы. Ең аз өтініш Ұлытау облысында тіркелген – шамамен 2 мың, яғни 1 пайыз. Банкроттардың орташа жасы – 44. Ең егде банкрот – 1943 жылы туған Шымкент тұрғыны, оның қарызы 370 мың теңге. Ең жас банкрот – 2005 жылы туған Астана тұрғыны, оның берешегі 856 мың теңге", – деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов.

Ең көп қарызы бар банкрот – Астана қаласының тұрғыны, оның берешегі 2,1 миллиард теңге. Ал ең аз қарызы бар банкрот – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, оның қарызы 200 мың теңге.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025
MalimBlocks
18 мамырға арналған валюта бағамы

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды