Еліміздегі адамдардың 3,5 триллион теңге қарызы кешірілген

Жоғары аудиторлық палата салықтық және кедендік әкімшілендіруге аудитін қорытындылады

Арман Қайыпхан

  • 07.06.2024

Жоғары аудиторлық палата салықтық және кедендік әкімшілендіруге аудитін қорытындылады, деп хабарлайды Malim.kz Жоғары аудиторлық палатасына сілтеме жасап.

Отырыста оңалту және банкроттық рәсімдерінің тиімділігі төмен және әлеуметтік талаптарды өтеуге және банкроттық пен оңалтуды басқарушылардың шығындарын өтеумен ғана шектелгені айтылды. 

2023 жылы таратылған банкроттарға 3,5 трлн теңгеден астам сомаға төленбеген қарыздар есептен шығарылды, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңгені құрады. Үлестес тұлғаларды банкроттық басқарушылар етіп тағайындау фактілері анықталды, бұл кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, түрлі теріс пайдалануларға жағдай жасайды, - делінген хабарламада. 

Отырыс аясында Әлихан Смайылов МКК басшылығының оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдірудің маңыздылығына, бұл тетіктің салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік беретін олқылыққа айналмауына назарын аударды.

Ол маңызды проблемаларға бизнестің электрондық шот-фактураларын нәтижесіз бұғаттауды және кедендік әкімшілендіру кезінде тауарлардың құнын төмендету фактілерін де жатқызды, бұл «айна-қатесіз статистиканың» деректерін бұрмалап қана қоймай, бюджетке төлемдердің толық түспеуіне де әкеп соқтырады.

Фото: Жоғары аудиторлық палатасы

Байланысты жаналықтар

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Қарызы бар тұтынушылардың жарығы сөндіріле бастайды

29.04.2025

“Яндекс.Таксидегі“ баға өзгеруі мүмкін

29.04.2025

Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

19.04.2025

Алимент төлемеген әкелер түрмеге қамалды

08.04.2025

2025 жылы қанша адам банкрот деп танылды?

21.03.2025
MalimBlocks
20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Қарызы бар тұтынушылардың жарығы сөндіріле бастайды

“Яндекс.Таксидегі“ баға өзгеруі мүмкін

Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

Елімізде өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды

Алимент төлемеген әкелер түрмеге қамалды

2025 жылы қанша адам банкрот деп танылды?

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды