Аида Балаева: Қазақстан гендерлік саясатты қолдайды

Malim Админ

  • 06.02.2025

Астанада Бейжің декларациясының 30 жылдығына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» 1325-қаулысының 25 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу өтті – деп хабарлайды malim.kz сайты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.     

Кездесуге Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова, Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша «БҰҰ-әйелдер» кеңсесінің өңірлік директоры Белен Санс Луке және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева сөз сөйлеп, Қазақстанның 1995 жылы Бейжің декларациясына қосылған сәттен бастап, ұлттық және халықаралық басымдықтарды ұштастырып, тұрақты гендерлік саясат қалыптастыру бағытын берік ұстанғанын атап өтті.

«Бұл процесс ең алдымен нақты құрылған институционал тетіктердің жүйесіне негізделеді. 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан ауқымды конституциялық реформа Конституциялық сотты қайта қалпына келтіріп, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын бекітті. Мен бұл өзгерістердің маңызын ерекше атап өткім келеді, өйткені құқық қорғау институттарының күшеюі гендерлік теңдікті ілгерілетіп, қорғау үшін сенімді жағдай жасайды», – деді Аида Балаева.

Осы мақсатта Қазақстанда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия жұмыс істейді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2023 жылы өңір басшылары жанынан гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесші институты құрылды. Ал Қазақстандағы гендерлік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруға жауапты негізгі мемлекеттік орган – Мәдениет және ақпарат министрлігі. Министрлік құрамында арнайы комитет жұмыс істейді.

Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша «БҰҰ-әйелдер» кеңсесінің өңірлік директоры Белен Санс Луке Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің гендерлік саясатын жоғары бағалады. Ол оң өзгерісті атап өтіп, Бейжің декларациясының мақсаттары әлемде толық жүзеге асатынына сенім білдірді.

«Елдегі әйелдер мен қыз балалардың құқығын кеңейту бойынша қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін қуаныштымын. Біз барлық әйелдер мен қыз балалар еркін, мүмкіндіктері мен құқықтарының бар болуы үшін күш саламыз. Үкіметаралық деңгейде келісілген уағдаластықтар аясында жеткен жетістіктеріңізді жоғары бағалаймыз», – деді Белен Санс Луке.

Бейжің декларациясы 1995 жылы Әйелдер жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда қабылданды. Құжатта әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын кеңейту бойынша 12 негізгі салада стратегиялық іс-қимылдар белгіленген. «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» 1325-қаулысы 2000 жылы қабылданып, әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесіне қатысты тиімді шешімдер қабылдауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан ЮНЕСКО аясында мәдени мұрасын қалай қорғап келеді?

01.12.2024

Ғалымдар мен археологтар мәдени мұраны сақтау шараларын талқылады

30.11.2024

Әлемде әр 10 минут сайын бір әйел жақындарының қолынан қаза табады. БҰҰ мәлімдемесі

25.11.2024

Астанада Euronews Орталық Азия хабы ашылады

15.08.2024

Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады

16.07.2024

Елтаңба өзгермейтін болды

04.07.2024
MalimBlocks
Қазақстан ЮНЕСКО аясында мәдени мұрасын қалай қорғап келеді?

Бүгінде осы бағытта арнайы жұмыс топтары құрылған

Ғалымдар мен археологтар мәдени мұраны сақтау шараларын талқылады

Маман тартып, оқу модульдерін дайындау мәселелерін қарастырды

Әлемде әр 10 минут сайын бір әйел жақындарының қолынан қаза табады. БҰҰ мәлімдемесі

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш «Әйелдер мен қыздарға жасалатын зорлық-зомбылық зауалы адамзат үшін масқара жайт», – деді.

Астанада Euronews Орталық Азия хабы ашылады

Қажетті құжатқа қол қойылды

Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады

Елтаңба өзгермейтін болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылып жатқанын мәлім еткен болатын.