Айкөркемнің қазасына қатысты іс: Сот жаңа үкім шығарды

Арман Қайыпхан

  • 05.07.2024

ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде 4 жасар Айкөркем Мелдеханның қаза болуы туралы үкімді апелляциялық тәртіппен қайта қарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қылмыстық іс жабық сот отырысында "құпия" деген белгімен қаралды.

Сот алқасы 2022 жылдың 7 қаңтарында кешке әскери қызметші Арман Жұман жол тосқауылында болған кезде "оның қарамағындағы сарбаздарға жол тосқауылына жақындап келе жатқан көлікке оқ ату туралы заңсыз бұйрық бергенін" анықтады.

Атыс салдарынан көлікке оқ тиіп 2017 жылы туған  Айкөркем Мелдехан қаза тауып,  2006 жылы туған әпкесі Жанель Мелдеханның денсаулығына ауыр зиян келген.

Әскери соттың сот алқасы ақтау үкімін жойып, Жұманды жеті жылға бас бостандығынан айырды.

Алғашында Айкөркем Мелдеханның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тергелді. Бірақ тергеу 7 қаңтарда көлікке кімнің оқ атқанын анықтай алмағандықтан, қылмыстық бап қайта сараланды. Арман Жұман қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Ол көлікке оқ атуға бұйрық берген-мыс. Алайда оның бұйрықты кімге бергені анықталмады. Қол астындағылар мұндай бұйрық болмағанын алға тартады. Қызға кімнің оғы тигені жұмбақ күйінде қалды.

Алғашында сот Арман Жұманды ақтады. Алайда кейіннен үкім өзгертіліп, ол кінәлі деп танылды. Жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірді. Ақтау үкімінің күшін жоюға сол күні болған оқиғаны көрді деген куәгердің сөзі әсер етті.

– Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы куә мен жәбірленушінің айғақтары бір-біріне сәйкес келеді деп есептеді. Сондай-ақ олар тергеу эксперименті мен оқиға орнындағы айғақтарды нақтылау екеуінің де бір нәрсені айтқанына дәлел деп көрсеткеніне сілтеме жасады, - деп түсіндірді адвокат Оксана Мұсохранова.

Сотталушының қорғаушысы үкіммен келіспей, ары қарай шағымдануға шешім қабылдады. Жәбірленуші тарап та қайта қарауды талап етіп, істі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қайта саралауды талап етті.

Фото: taulik.kz

Байланысты жаналықтар

Судья өзгермейді: Шерзат Болат ісіндегі қорғаушы шағымы кері қайтарылды

28.05.2025

Кәмелетке толмаған баладан ақша бопсалаған төрт адам сотталды

27.05.2025

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

23.05.2025

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

22.05.2025

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

22.05.2025
MalimBlocks
Судья өзгермейді: Шерзат Болат ісіндегі қорғаушы шағымы кері қайтарылды

Кәмелетке толмаған баладан ақша бопсалаған төрт адам сотталды

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды