Аймағамбетов аттестациясына мұғалімдер ашуланып жатыр

Биыл қараша айының 11-де Білім және ғылым министрінің 2016 жылы қабылданған №83 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Яғни мұғалімдердің аттестациядан өту процесі өзгеретін болды. Бұл өзгерістер әлеуметтік желіде мұғалімдердің қызу талқысына түсті.

Ақниет Аманжолқызы

  • 29.11.2021

Жаңа түзетуге сәйкес мұғалімдер тек тест тапсырып қана қоймай, эссе жазатын болды. Бұл өзгеріс ұстаздарға ұнай қоймады. Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова эссе жазу ережесін  былай түсіндірді: «Аттестациядан өту процесіне жаңа кезең – эссе жазу енгізілді. Эссені мұғалімдер ҰБТ (ұстаздар тапсыруға тиіс Ұлттық Біліктілік Тестілеуі) бітіргеннен кейін электронды форматта бірден жазады. Жалпы берілетін уақыт – 30 минут. Сөздердің саны – 250-300 сөз. Жазбаша эссе мұғалімнің жеке кабинетінде ngt.testcenter.kz сілтемесі бойынша көрсетіледі».

Бұл бастаманы ұстаздар әлеуметтік желіде сынай бастады. Мәселен, Лаура Файзуллина Аттестациялау ережелерін өзгерте беретін министрден көңілі қалғанын жазған. Оның пікірінше, бұл педагог маман дайындайтын оқу орындарының біліктілігіне күмән келтіру және мұғалім денсаулығына зиянын тигізетін процесс.

«...Аттестаттау үсті-үстіне жамалып, шынайылығынан айырылғандай ма деп тағы ойлап қаламын. Тесттен өту дұрыс дедік. Құжат жинауды да құптадық. Ал енді мына эссе жазуы орынсыз дүние. Неге дейсіздер ғой? Педмаманды таңдар кезде осы әрекеттер болмай ма? Әрине, болады. Сауатты болғаннан кейін, студент қатарына қабылдамай ма? Әлде мен қателесіп тұрмын ба? Бәленбай жыл оқып(колледж, универ, т.б) келген адам сауаттылығынан қалай айырылып қалуы мүмкін? Менің миыма сыймай тұрғаны. Әлде сол студенттерді қабылдаған тұлғалардың әрекеттеріне күмән болғаннан кейін қайталап жатқан әрекеттері ма? Өз басыма эссе жазу мұң емес. Бірақ жиі қан қысымы дертпен ауырғандықтан, бірнеше сағаттай компьютердің алдында тест орындап, әрі қарай эссе жазу оңай дүние емес. Мұны осындай аурумен ауыратын адамдар түсінеді. Себебі миың істемей, делсал болып қаласың. Ал көздің көруі туралы ауыз ашпай- ақ қояйын...» - деп жазды Файзуллина Facebook парақшасында.

Эссе жазу туралы оқып, күйінген Айдар Сағидолла есімді  желі қолданушысы  мұғалімдерден Терминатор жасауға болатынын жазыпты.

«Аттестацияның жаңа ережесі шықты деп жатқан соң оқымаймын ба. Квалтест, портфолионы қалдырыпты. Ақыры келіп қалған екенсіздер эссе жазып кетсін депті. Менен сұрағанда мұғалімнің физикалық дайындығын да тексере салыңдар дер едім. Жүз метрге жүгіру, жарты марафон (21км), биіктен секіру, турникке тартылу, жазда болса суға жүзу, қыс болса шаңғы жарысы, бокс пен күрес. Онан соң компьютерлік сауаттылық пен автомобиль жүргізуді де тексеру керек. Мүмкіндік болса алғашқы медициналық жәрдем көрсету курсының да сертификатын сұрау керек. Автомат, винтовка, пистолет пайдалана білу. Терминатор.!!! Квалификацияны да сәйкесінше Терминатор -1, Терминатор -2, Терминатор-3 деп берсе. Сарапшы-марапшы деп жүрмей. Балалар да қорқар еді», -  деп жазды Айдар Сағидолла.

Мұғалімдердің бұл талқылауына  әлеуметтік желідегі белсенділігі күшті министр Аймағамбетов те, министрлік  те әзірге жауап берген жоқ. Тек Гүлмира Каримова Эссе жазу уақыты жеткіліксіз деп жазған ұстаздарға 30 минуттан бір сағатқа ұзарту қарастырылып жатқанын айтты.

Эссені кім тексереді деген де сұрақтар болды. Каримова арнайы аттестаттау комиссиясы қарайтынын сөз етті. Сонымен қатар, ол эссені тек мұғалімдер жазатынын ескертті. Яғни басшылар мен олардың орынбасарлары, әдіскерлері бұл ереже бойынша біліктіліктен өтпейді.

Тағы бір өзгеріс бұрын зейнет жасына төрт жыл қалған ұстаздар аттестациядан өтпейтін. Бұл екі жылға қысқарған. Яғни 60-61 жастағы ұстаздар жас мамандармен қатар отырып, біліктілік тестін тапсырып, эссе жазатын болады.

Байланысты жаналықтар

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болды

04.01.2023

«Өкпелесең көшіп кет!». Биыл ауызынан «хит» төгілген шенеуніктер  

27.12.2022

Аймағамбетов Тоқаевты неге өтірікші жасай береді?

01.09.2022

Аймағамбетовтің бұйрығынан Бозтал мектебі жабылмақ

29.08.2022

Аймағамбетов 36 мыңға, қала тұрғыны 93 мыңға керек-жарақ алған.

16.08.2022
MalimBlocks
Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.  

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болды

Аймағамбетов аталмыш министрлікті 4 жылға жуық уақыт тізгіндеген

«Өкпелесең көшіп кет!». Биыл ауызынан «хит» төгілген шенеуніктер  

Соған ашуы-ызасы туды ма екен?!

Аймағамбетов Тоқаевты неге өтірікші жасай береді?

Министрім не дейді, президентім не дейді? Аймағамбетов Тоқаевты екі айдың ішінде екі түрлі сөйлеуге мәжбүрледі.

Аймағамбетовтің бұйрығынан Бозтал мектебі жабылмақ

Арыс қаласынан Абай облысына көшіп барған ата-аналар ашынып отыр

Аймағамбетов 36 мыңға, қала тұрғыны 93 мыңға керек-жарақ алған.