Шымкенттегі мектептердің көбі мемлекеттік аттестациядан өте алмады

70 мектептің 52-сі білім беру талаптарына сай емес

Malim Админ

  • 14.02.2025

Шымкентте мектептердің басым бөлігі мемлекеттік аттестациядан өтпей қалды, - деп хабарлайды Malim.kz 24 kz  телеарнасына сілтеме жасап. Тексеріс жүргізілген 70 мектептің 52-сі білім беру талаптарына сай болмай шыққан.


Мамандар әртүрлі заң бұзушылықты анықтады. Мәселен, кейбір білім ошақтарында жұмыс пен оқу бағдарламасының сәйкес келмесе, енді бірінде мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан уақытында өтпеген.

Қалалық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету бөлімінің мамандары өткізілген сабақ пен тоқсандық жиынтық бағалауға ерекше назар аударды. Кейбір мұғалімдер мерекелік демалыстың алдында бірнеше тақырыпты қамтуға тырысып, оқушыларға артық тапсырмалар жүктегені анықталды. Талап бойынша оқытушы балаларға күніне үш тапсырмадан артық беруіне болмайды.

 

Одан бөлек үйде отырып білім алатын балалардың оқу сағаттары бойынша да заң бұзушылықтар тіркелді. Аттестациядан өтпеген мектептерге, кемшілікпен жұмыс істеуге уақыт берілді.

Егер білім беру ұйымы қайта аттестаттаудан өтпесе, онда бұл мекемені профилактикалық бақылауға аламыз. Яғни біз бұрынғыдай қашықтықтан электронды түрде бақыламай, білім беру ұйымына барып, ашық тексереміз. Демек, кемшілік жойылғанша біздің бақылауымызда болады,- деді Шымкент қалалық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Дина Агманова.   

Фото: pixabay.com     

Байланысты жаналықтар

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

18.04.2025

Мектеп оқушысын зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды

18.04.2025

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

17.04.2025

Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кеткен

17.04.2025

Шымкентте "лайк баспайтын" мемқызметкерлер қудаланып жатыр

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025
MalimBlocks
1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, 1-сыныпқа 119 мың бала қабылданған

Мектеп оқушысын зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Абай облысында оқушы қызды зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кеткен

30 жастағы айыпталушының шизофренияға шалдыққаны анықталған

Шымкентте "лайк баспайтын" мемқызметкерлер қудаланып жатыр

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды