Алматы облысында Талғар өзені тасып, тас жолды су басты

Жергіліктің әкімдік мұны кешегі жауған жауын-шашын мен таудағы қардың еруінен деп түсіндіріп отыр.

Malim Админ

  • 24.05.2024

Алматы облысындағы Талғар өзені арнасынан асып, тас жолға су жайылған, деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Ағысы қатты су жақын маңдағы қиыршық тас өндіретін карьерлерге де жеткен.

Жергіліктің әкімдік мұны кешегі жауған жауын-шашын мен таудағы қардың еруінен деп түсіндіріп отыр. Қазір көпірдегі қозғалыс шектеліп, өзен арнасы тереңдетіліп, нығайтылып жатыр. Дегенмен Құлжа трассасындағы айналма жол мен Талғар – Есік - Бәйдібек би жолдарында көлік қозғалысы тоқтатылмады.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзен жағасында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбеюіне байланысты Ават ауыл округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды су шайып кетті. Су ағынының ұлғаюынан жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады. Округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен су баспау үшін және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, – деді Ават ауылдық округінің әкімі Момунжан Исламов.

Фото: instagram/enbekshikazakh_audan_akimdigi

Байланысты жаналықтар

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

15.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

29.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025
MalimBlocks
Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Алматы облысында жер сілкінді

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

Оқиғаны видеоға түсірген жасөспірімнің де заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады