Алматы шенеуніктері 40 қабатты "VIP-человейник" салуға рұқсат беретінін айтты

Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы тоғыз қабат пен 35 метрден биік ғимараттар салуға тыйым салынған ауданда 40 қабатты тұрғын үй кешенін – «VIP-человейник» деп аталатын нысанды салуға рұқсат беруге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
Абай даңғылының оңтүстігі, әл-Фараби даңғылының солтүстігі, Яссауи көшесінің шығысы мен ВОАД-тың батысындағы аймақта тоғыз қабаттан жоғары көпфункционалды ғимараттардың параметрлері олардың қоғамдық маңыздылығын сәулеттік-қалақұрылыстық негіздеу, жобалық шешімдердің орнықтылығын қамтамасыз ету (оның ішінде энергия үнемдеуші, ресурс үнемдеуші және сейсмоизоляциялық технологияларды қолдану), сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту шартымен рұқсат етіледі», – деп мәлімдеді қалалық басқарма КазТАГ агенттігі атымынан қала әкімі Дархан Сатыбалдыға жолданған сауалға жауап бере отырып.
Алматы қаласының шенеуніктері қосымша хабарлағандай, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға сәйкес,
ерекше құрылыс нысаны – бұл бұрын жекелеп немесе жиынтық түрде қолданылмаған ерекше сәулеттік, кеңістік-жоспарлау, құрылымдық, инженерлік немесе технологиялық шешімдермен сипатталатын, жобалау және құрылыс бойынша мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттері мен нормативтік-техникалық талаптары белгіленбеген, осыған байланысты арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеуді, келісуді және бекітуді қажет ететін ғимараттар, құрылыстар мен олардың кешендері болып табылады.
КазТАГ агенттігінің Сатыбалды мырзаға жолдаған сауалы мәжіліс депутаты Сергей Пономаревтың 2 шілдедегі мәлімдемесіне байланысты жолданған болатын. Депутаттың айтуынша, RAMS компаниясы «Алматы парк» жобасын іске асырып жатыр және «Сейфуллин мен Тимирязев қиылысындағы кішкентай жер телімінде құрылыс салушы бес 10 қабатты ғимараттың ортасында 40 қабатты VIP-человейник салуды жоспарлап отыр».
Пономарев бұл жобаға қарсы екенін білдіріп, жаңа нысан қазірдің өзінде мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр» екенін атап өтті және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша нүктелі (тығыз) құрылыс жұмыстары тоқтатылуы тиіс» деген мәселені көтерді.
Фотоколлаж: Dalanews


Ең көп оқылған
