Алматыда бейбіт митинг өтетін орындар өзгермек

Құжат 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды

Арман Қайыпхан

  • 11.07.2024

Алматыда бейбіт митинг өткізу орындары өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасында көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, бейбіт жиын өткізу үшін мамандандырылған «Шоқан Уәлиханов» атындағы скверді Амангелді Иманов атындағы скверге (сыйымдылығы 500 адамға дейін) ауыстыру жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта санкцияланған митинг өткізу кезінде Достық даңғылынан Шевченко көшесі бойындағы көлік қозғалысы Қонаев көшесіне дейін тоқтатылады. Соның салдарынан көлік жүргізушілері Достық даңғылымен Абай даңғылына дейінгі көшені оңтүстік жағынан айналып өтуге мәжбүр.

Сондай-ақ Бөгенбай батыр көшесіне дейін жүктеме артады. Бұл кептелістің артуына әкеледі.

Ал Амангелді Иманов атындағы сквер Алмалы ауданында Абылай хан даңғылында орналасқан. Ол жерде жиын өткізу кезінде көшелерді жабу қажет емес және тұрғын үйлерден алыс орналасқан.

Санкцияланған шерулер өткізетін орындарды да ауыстыру жоспарланып отыр. Оны Махатма Ганди атындағы саябақтан Гагарин даңғылы мен Мұқанов көшесі арасындағы Жамбыл көшесінің бойындағы жаңа маршрутқа ауыстыру көзделген.

Сондай-ақ «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы сквердің толымдылығын 500-ден 1000 адамға дейін өзгерту ұсынылған.

Құжат 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Фото: Elements.envato.com

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

01.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды