freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бір аптада 47 орман өрті болды

Экология
Бір аптада 47 орман өрті болды
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Биыл 2–9 тамыз аралығында республика бойынша 47 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның ішінде жергілікті атқарушы органдарға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінде – 21 өрт, мемлекеттік орман қоры жерлерінде – 26 өрт.

Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті бақылауы, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе патрульдеуі және орман өрттерін ерте анықтау жүйелері арқылы дер кезінде анықталды.

Өрттерге жедел ден қою мақсатында мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» авиациясы мен әуе өрт сөндіру десанттары, сондай-ақ қажетті күштер мен техника жұмылдырылды.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрттердің таралуына жол берілмей, ошақтар қысқа мерзімде оқшауланып, сөндірілді.

Орманды қорғау – ортақ міндет. Табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, - делінген Экология министрлігі хабарламасында.


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу