Алматыда жолақы қымбаттайды

Осыған байланысты жыл сайын тасымалдаушыларға төленетін субсидия мөлшері өседі.

Берік Дәулетов

  • 01.07.2024

Алматы әкімдігі 80 теңгелік тариф 2011 жылдан бері өзгермегенін және былтыр ғана 20 теңгеге қымбаттағанын мәлім етті. Қазір қалада тарифтің құны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеген кезде – 100 теңге, ал қолма-қол төлеген кезде – 200 теңге, деп хабарлайды Malim.kz.

Биыл қоғамдық көлікте жол жүру үшін орташа тариф – 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңгеге жетеді. Осыған байланысты жыл сайын тасымалдаушыларға төленетін субсидия мөлшері өседі. Егер 2023 жылы 68,7 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы субсидияның болжамды көлемі 97,3 млрд теңгеге дейін өсті. Осылайша, қазіргі тариф бойынша субсидиялау мөлшері үнемі өспек. Бұл жергілікті бюджет үшін шамадан тыс салмақ болуы мүмкін.

Қала тасымалдаушылары қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың автобус сатып алуға, жаңартуға және уақтылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізушілердің жалақысын көтеруге жұмсаған шығынды өтемейді деп бірнеше рет айтты. Тасымалдаушыларға және жергілікті бюджетке жүктемені ішінара азайту мақсатында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды. Жоба жол жүру тарифін 120 теңгеге дейін көтеруді көздейді. Тиісінше, азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін жол жүру құны тарифтің 50%-ы болады, – делінген басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар қоғамдық көлікте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеуді жою көзделген. Бұл автобус жүргізушісіне көлікті басқаруға және ақша жинауға алаңдамауға мүмкіндік береді.

Фото: press.kz

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды