Алматының орталығында құбыр жарылып, асфальт опырылды

Сәтбаев көшесі 2 бағыт бойынша жабылды

Malim Админ

  • 04.05.2024

Алматыда Сәтбаев пен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысында құбыр жарылды. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқиғаға байланысты Алматы әкімдігі түсінік берді  

Кадрлар Telegram-дағы kris_p_almaty арнасында жарияланған. Автордың айтуынша, көше қиылысында құбыр жарылып, асфальт опырылған. Осыған байланысты Сәтбаев көшесі 2 бағыт бойынша жабылды.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 4 мамырда Байтұрсынов көшесінің шығысындағы Сәтбаев көшесінің бойында болған ақау қалпына келтірілгенін, "Алматы жылу желілері" ЖШС апаттық бригадасы зақымданған жерлерді жөндеуге кіріскенін хабарлады. "Масаншы – Сәтбаев – Марков – Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы 1988 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және диаметрі 500 мм құбырдың зақымдануын жою үшін ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Бұл тасжолды жөндеу 2025 жылға жоспарланған еді, биыл қайта жөндеу жобасы сараптамадан өтіп, қарастырылады", - деп хабарлады әкімдік өкілдері. Ведомство өкілдерінің дерегінше,  қала аумағында түн ортасына дейін ыстық су беруді қалпына келтіру көзделген.    

Видеодан скрин: t.me/kris_p_alm 

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды