Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер алдағы жұмада, 2025 жылы 16 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, оңтүстік циклонның және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. ҚР-дың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман болады.
"Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында,Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Алматы өңірінің солтүстігінде, батысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, СҚО;, ШҚО, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында орталығында өрт қаупі жоғары болады", делінген хабарламада.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Павлодар өңірінің оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Маңғыстау өңірінің солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жетісу өңірінің солтүстік-батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
"Күндіз Алматы, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында, Павлодар облысының оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық болады, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында сынағ бағаны 40-44 градусқа дейін баруы мүмкін", - деп атап өтті синоптиктер.
Күндіз Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Фото: unsplash