Ақтауда сарбаз жоғалып кетті

Ол 21 шілде күні түнде кезекшіліктен келмеген

Арман Қайыпхан

  • 22.07.2024

Ақтауда сарбаз жоғалып кетті. Ол 21 шілде күні түнде кезекшіліктен келмеген, - деп хабарлайды Malim.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметші N6656 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері - Нұрлыжан Пусерманов.

20 шілде күні 6656 әскери бөлімінде жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтеді. 21 шілде күні жас сарбаздар қаланы аралауға өздерінің ата-аналарымен бірге кешкі сағат 18.00-ге дейін жіберілген.

Оны іздеуге LIDER.KZ қозғалысының, төтенше жағдайлар департаментінің және облыстық полицияның еріктілері қосылды.

Ақтаудағы 6656 әскери бөлімі 21 шілде күні із-түссіз кеткен сарбаздың табылғанын мәлімдеді.

"21 шілде күні белгіленген уақытта (сағат 18.00-де) жас сарбаздарды тексеру барысында Ақтөбе облысынан шақыртылған сарбаздың әскери бөлімге қайта келмегені анықталды. Қатардағы жауынгерді іздестіру шаралары жүргізілді. Қазіргі таңда сарбаз әскери бөлімге оралды", - деді 6656 бөлімінің өкілі.

Фото: Massaget.kz 

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

09.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Ақмола облысында алты жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

05.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

Ақмола облысында алты жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды