Ақтауда жаңа мектепте орыс сыныптары ашылмағаны үшін дау шықты

Арман Қайыпхан

  • 08.01.2025

Ақтауда салынған жаңа мектепте орыс сыныптары ашылмай, ата-аналар дау шығарды, деп хабарлайды Malim.kz порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ата-аналардың сөзінше, №31 орта мектеп салынып жатқан кезде ол аралас мектеп болып, қазақ сыныптары да, орыс сыныптары да ашылуы қажет болған. Бұл ақпарат білім бөлімі мен мектептің Instagram парақшасында да жарияланған. 

Жаңа мектепке құжат қабылдау басталғаны туралы 6 қаңтарда белгілі болған. Шенеуніктер мектепке әуелі 17, 19 және 33 шағынаудандағы балалар қабылданатынын айтқан. 

Ата-аналардың айтуынша, өткен аптаның соңында білім бөліміндегілер орыс сыныптары да ашылатынын хабарлаған. Алайда 6 қаңтарда бастауыш сыныпқа келген 200-ге жуық баланың ата-анасы құжат тапсыруға келген кезде олардың құжаттарын қабылдамай қойған. 

Ал мектептегілер мұның жауабын қалалық білім басқармасындағылар береді деп сілтеген.

Бұл балаларымыздың құқығы бұзылып отыр. Олардың қазақ тілінде оқитын оқушылардан несі кем? Олар да осы шағын ауданда тұрып, толық білім алуға құқылы. Ең болмағанда 1-ден 7-сыныпқа дейін әр параллельде орыс тілінде оқытатын бір-бір сыныптан ұйымдастырсын, — дейді ата-аналар.

Қалалық білім бөліміндегілердің сөзінше, олар ата-аналардың арызын алған және бұл мәселе қарастырылады деп уәде берген. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Бірақ комиссия орыс сыныптарын ашпау туралы шешім қабылдаған. 

Біріншіден, кадр жетіспейді. Екіншіден, мектепте орын аз. Мектеп 900 орынға шақталған. Оның үстіне, балаларды мемлекеттік тілде оқуға қабылдауға 1500 өтініш түскен. Осыған байланысты шенеуніктер ешқандай көмек көрсете алмайды. 

Шенеуніктердің сөзінше, бүгінде қалада  33 мемлекеттік мектеп бар, оның 13-і орыс тілінде. 

17-шағын аудан тұрғындарына баламалы нұсқа ретінде білім бөлімі 13-шағын аудандағы №17 мектеп пен 27-шағын аудандағы №16 мектепте оқуды ұсынды. Алайда ата-аналар №17 мектептің лық толы екенін айтады. Ол жерде 900 орынның орнына 2000 бала үш ауысымда оқып жүр екен. 

Енді 17-шағын ауданның тұрғындары мәселені осымен қалдырмай, өз құқықтарын сотта қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Ертең, 8 қаңтарда, олар білім басқармасының басшылығына баруды жоспарлап отыр.

Фото: lada.kz

Байланысты жаналықтар

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

11.04.2025

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

10.04.2025

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

08.04.2025

Ақтаудағы концертте ән айтқан Kalifarniya сынға қалды

07.04.2025

"Пышақ сұғылған". Димаш Құдайберген қатысқан мерекелік шарада төтенше жағдай болды

06.04.2025
MalimBlocks
Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

Франция орта мектептерде ұялы телефонға тыйымды күшейтеді

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

Бас прокурор Берік Асылов мектеп бағдарламасына "Заң және тәртіп" атты жаңа пән енгізуді ұсынды

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

Ақтаудағы концертте ән айтқан Kalifarniya сынға қалды

Әншінің дауысы шықпай қалған.

"Пышақ сұғылған". Димаш Құдайберген қатысқан мерекелік шарада төтенше жағдай болды

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясы "Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы" атты ауқымды кеш кезінде жағалаудан қанша шақыру түскенін айтты