Артында бес баласы қалды: шахтада қаза тапқан Олжас Нұрұлдаев жерленді

Қайғылы жағдай 17 ақпан күні болды.

Сабина Асқарқызы

  • 20.02.2025

«Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішінде қаза тапқан азамат Олжас Нұрұлдаевтың артында бес баласы қалды. Бұл туралы ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасай отырып Malim.kz хабарлайды.

Марқұмның туысы Серік Дүйсенұлының айтуынша, Олжас Нұрұлдаевтың артында төрт ұлы мен бір қызы қалды. Сонымен қатар марқұмның жары, анасы, інісі мен қарындасы бар.

Алла алдынан жарылқасын. Ініміздің қазасы біз үшін орны толмас қайғы. Ол орны бөлек азамат еді. Үлкен әкесінен алған тәрбиесі мен жөн-жобасы бар, ізімізді басып келе жатқан бауырымыз болатын. Үкімет берген уәдесінде тұрып, балаларына қажетті жағдайды жасап берсе дейміз. Балаларының үлкені 24 жаста, кенжесі екіде, деді Серік Дүйсенұлы.

Еске салсақ, 17 ақпанда  «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінде 640 метр тереңдікте тау жынысы опырылып, үйінді астында қалған жеті жұмысшы қаза тапты.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Ұлытау өңіріндегі ТЖ орнына үкіметтік комиссия барды

18.02.2025

Қаза тапқан кешілердің жеке басына қатысты мәліметтер жарияланды

18.02.2025

«Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

07.10.2024

ІІМ «Қазақмысты» қауіпсіздік қызметінің басшылары тонағанын мәлімдеді (ВИДЕО)

26.07.2024

«Қазақмыс»-тың бөлім басшысы күдікке ілінді  

14.03.2024

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

27.11.2023
MalimBlocks
Ұлытау өңіріндегі ТЖ орнына үкіметтік комиссия барды

Қаза тапқан кешілердің жеке басына қатысты мәліметтер жарияланды

«Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

Шахтада көміртегі газы бөлінген

ІІМ «Қазақмысты» қауіпсіздік қызметінің басшылары тонағанын мәлімдеді (ВИДЕО)

Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.

«Қазақмыс»-тың бөлім басшысы күдікке ілінді  

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлер жарақат алған