457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана маңында құлаған ұшаққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астана қаласы маңында болған жеңіл моторлы жеке ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі — «Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға кезінде екі адам — ұшқыш пен жолаушы қаза тапқан. Ұшақтың құлау себептері анықталу үстінде, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапқаны туралы жазғанбыз.

Фото: gov.kz